Мексикада алғаш рет екі басты кит табылды - ФОТО

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Мексика жағалауларынан киттің сиам төлдерінің денесі табылды, деп жазады корреспондент.net сайты.

Мексикада алғаш рет екі басты кит табылды - ФОТО

Оқиға орнына жеткен ғалымдардың мәлімдеуінше, киттің екі басы мен екі құйрығы бар. Алайда, киттердің құрсақтары қосылып өсіпті. Зерттеушілер бұған климаттың өзгеруі себеп болуы мүмкін деп болжауда.

Биологтардың айтуына қарағанда, аймақта бұндай оқиға алғаш рет болып отыр.