Мексикада автобус апатқа ұшырап, 33 адам қаза болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексиканың шығысындағы Веракрус штатында үлкен жол апаты орын алды. Салдарынан кем дегенде 33 адам қаза болды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Жолаушыларға толы автобус магистральды жолдың бойында тұрған жүк көлігіне соқтығысты. Үлкен жылдамдықпен жүруге арналған жолда жүк көлігі ешқандай шұғыл тоқтау туралы белгісін қоймастан аялдаған. Жол апатынан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Оларды кейбіреулерінің халі мүшкіл. Оқиғаның мән-жайын полиция өкілдері тергеуде.