Мексикада автобус көпірден құлап, 20-дан астам адам қаза тапты
АСТАНА. 21 шілде. ҚазАқпарат - Мексикада ірі жол-көлік апаты орын алды. Соның салдарынан 21 адам қаза тапты,
деп хабарлады Reutersт агенттігі.
Оқиға тас жолдағы Чапалийя-Текепекспан көпірінде болды. Туристерді алып бара жатқан автобус көпірдің үстінде аударылып кеткен. Белгілі болғандай, қаза тапқандардың ішінде кішкентай балалар бар, деп мәлім етті РБК.
Қазіргі уақытта апаттың себептері анықталу үстінде. Тексерушілердің пікірінше, қайғылы оқиға автобустың техникалық ақаулығынан болған. Сондай-ақ олар жүргізушінің рөлде ұйықтап кетуі мүмкін екендігін де жоққа шығармайды.