Мексикада автобус жүк көлігімен соқтығысып, 14 адам ажал құшты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні Мексиканың оңтүстігіндегі Веракрус штаты аумағында  жүк көлігімен соқтығысқан жолаушыларға толы автобус аударылып, жанып кетті, деп хабарлады Televisa телеарнасы.

Мексикада автобус жүк көлігімен соқтығысып, 14 адам ажал құшты

 Апат Пуэбла-Орисаба күре жолында болған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, жол-көлік оқиғасы салдарынан кем дегенде 14 адам қаза тапқан.

Апат орнында дәрігерлер мен құтқарушылар бригадасы жұмыс істеуде. Жолдағы қозғалыс уақытша тоқтатылды.