Мексикада автобус жүк көлігімен соқтығысып, 20 адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні Мексиканың оңтүстік-шығысындағы Веракрус штаты аумағында автобус жүк көлігімен соқтығысқан .Салдарынан 20 адам қаза тауып, 18-і жарақаттанды. Бұл туралы Proceso газеті өзінің сайтында хабарлады.

Мексикада автобус жүк көлігімен соқтығысып, 20 адам қаза тапты

Апат Пуэбла-Орисаба күре жолында болған. Алдын ала болжамдарға қарағанда, тау арқылы өтетін жолдың бір бұрылысында жүк көлігінің тежегіші істен шығып, ол автобусқа соқтығысқан. Екі машина да өртенген, ал автобус түгелдей жанып кеткен.

Жолаушылар автобусында оңтүстік Чьяпас штатынан шыққан тәу етушілер болған.

Апат орнында дәрігерлер мен құтқарушылар бригадасы жұмыс істеуде. Жолдағы қозғалыс уақытша тоқтатылды.