10:00, 15 Ақпан 2011 | GMT +5
Мексикада автобустың 18 жолаушысын атып тастады
АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Белгісіз біреулер Мексиканың солтүстік-шығысында автобустағы жолаушыларды атқан.
Ең кем дегенде 18 адам қаза тапты, олардың арасында үш бала бар, деп мәлім етті Тамаулипас штатының құқық қорғау органдары.
Утро.ру агенттігі хабарлап отырғандай, Матаморос - Сьюдад-Виктория бағытында кетіп бара жатқан автобусты қару асынған адамдар тоқтатып, автоматтан оқ жаудырған. Бұл қылмыс не үшін жасалғаны әлі белгісіз. Алайда бейресми мәліметтер бойынша, бұндай ауыр қылмысты есірткіге қатысы бар жергілікті адамдар жасаған.