Мексикада бұрынғы «Уругвай аруы» өлі күйінде табылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2006 жылы «Уругвай аруы» атанған Фатими Давила бейсенбіде Мексика астанасындағы қонақүйлердің бірінде өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Universal порталы.

Мексикада бұрынғы «Уругвай аруы» өлі күйінде табылды

Алдын ала дерек бойынша, 31 жастағы әйелдің денесі қонақүйдің жуынатын бөлмесінен табылған.

Мехико прокуратурасы шетел азаматшасының өлі күйінде табылу фактісін растады. Бірақ азаматтығын, тегін нақтылаған жоқ.

Оның неден қаза тапқаны белгісіз.