Мексикада дауылға байланысты төтенше жағдай жарияланды

МЕХИКО. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат - Мексика үкіметі күтіліп отырған жойқын дауылға байланысты Төменгі Калифорния штатындағы Тынық мұхит жағалауында орналасқан қалаларда төтенше жағдай жариялады,

Мексикада дауылға байланысты төтенше жағдай жарияланды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

«Химена» дауылы - бұл үшінші санаттағы дауыл (барлығы - бес санат). Дауылдың эпицентріндегі желдің жылдамдығы сағатына 200 шақырымнан асуы мүмкін.

Дауыл мексикалық жағалауларға бірнеше сағаттардан кейін жетуі мүмкін деп күтілуде.