Мексикада доңыз тұмауынан қайтыс болғандардың саны 19 адамға жетті

МЕХИКО. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат – Мексика өкіметі елде А (H1N1) вирусынан қайтыс болғандардың саны 19 адамға жеткенін қуаттады.

Мексикада  доңыз тұмауынан қайтыс болғандардың саны 19 адамға жетті
Бұл алдыңғы күні жария етілген ресми көрсеткіштен 3 адамға аз, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС телекомпаниясына сілтеме жасап. Осы елдің Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері «доңыз тұмауы» себеп болуы мүмкін кісі өлімі оқиғаларын 101- ден 75-ке төмендетті. Министр Хосе Анхель Кордованың мәлім етуінше, А (H1N1) вирусын жұқтырғандардың саны соңғы мәліметтер бойынша, 473 адамды құрап отыр. Естеріңізге сала кетейік, А (H1N1) вирусы бүгінде 17 елде тіркеліп отыр. Бұл індеттің ошағы атап айтқанда Мексика, АҚШ, Италия, Жаңа Зеландия, Канада, Ұлыбритания, Испания, Германия, Израиль,Оңтүстік Корея, Коста-Рика, Нидерланды, Швейцария, Австрия, Дания, Гонконг (Қытай) және Францияда ресми расталып отыр. Соңғы ресми мәліметтер бойынша, бұл қатерлі вирусты жұқтырғандардың саны дүниежүзі бойынша 600 адамнан асып отыр.