Мексикада екі аптаның ішінде 3 қала мэрі өлтірілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексиканың Пуэбла штатында Хуэхуэтлан эль Гранде қаласының мэрі Хосе Сантос Мария Заваланы атып кетті. Бұл осымен елде соңғы екі аптаның ішінде өлтірілген үшінші мэр, деп хабарлайды Би-би-си.
Ол өзінің автомобилінде өлі табылған. Сол көлікте бірге келе жатқан қала басшысының хатшысы полицейлер оқиға орнына келген кезде болмаған. Оның қайда екендігі белгісіз болып отыр. Әзірге не мақсатпен шабуыл жасалғаны айтылмауда.
Айта кетсек, шілдеде мексикалық қалалардың екі мэрі қылмыскерлер қолынан қаза тапқан еді.
Мексика мэрлері қауымдастығының деректеріне қарағанда,2003 жылдан бері 40 қала басшысы өлтірілген. Олардың жетеуі жаңадан сайланған, 32-сі - бұрынғы мэрлер.