Мексикада есірткі баронының қашқаны үшін түрменің 49 қызметкері ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексика билігі есірткі картелінің серкесі Хоакин Гусман, лақап аты Эль Чапо (Қортық) қашқан түрменің 49 қызметкерін ұстады.

Мексикада есірткі баронының қашқаны үшін түрменің 49 қызметкері ұсталды

Бұл туралы El Nuevo Herald басылымы EFE агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Ұсталғандардың ішінде түрме директоры Валентин Карденас Лерма, күзетшілер мен әкімшілік қызметкерлер бар. Олар Эль Чапоның қашуына көмектесті деген күдік бар.

12 маусымда 18 адам ұсталса, 13-інде олардың саны 31-ге артты, қазір 49-ға жетті. Саясаткерлер Эль Чапоның қашуы үшін пара беріп қана қоймай, отбасы мүшелеріне қауіп төндіру арқылы қызметшілерді қорқыту мүмкіндігін де айтты.

Эль Чапо қатаң тәртіптегі Альтиплано түрмесінен 12 шілдеде он метрлік тереңдікте қазылған, ұзындығы 1,5 шақырымға созылған туннель арқылы қашқан.

Бұл миллиардер Хоакин Гусманның қатаң тәртіптегі түрмеден екінші рет қашуы. Алғашқысы 2001 жылдың қаңтар айында болған.