Мексикада есірткі сатушылар тобы 15 полицейді атып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексиканың батысында есірткі сатушылар 15 полиция қызметкерін атып тастады, деп хабарлады ВВС.

Мексикада есірткі сатушылар тобы 15 полицейді атып кетті

Бұл - бір айда полицейлерге қарсы жасалған екінші қанды шабуыл. Халиско штаты ІІБ хабарлауынша, полицейлер Пуэрто-Вальярта қаласы маңындағы курортты аймағында өлтірілген. Тағы 5 полицей қарулы шабуыл кезінде жараланып, ауруханаға жеткізілді. Болжам бойынша, полицейлерге Халиско штатындағы есірткі айналымын өз бақылауында ұстайтын «Халиско - жаңа ұрпақ» картелі шабуыл жасаған.