Мексикада ірі жол-көлік апатынан 100-ге жуық адам жарақаттанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексиканың Коауила штатындағы жол-көлік оқиғасынан 98 адам зардап шекті, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Мексикада ірі жол-көлік апатынан 100-ге жуық адам жарақаттанды

Оқиға Сальтиьо қаласы маңында болған. Онда құрылысшылар отырған көлік бірнеше машинамен соқтығысқан. 4 қоғамдық көліктің ішінде 40-тан астам жолаушы болған. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілгенімен, үшеуінің жағдай өте ауыр.

Болжам бойынша, апатқа құрылысшылар мінген жүк көлігінің жүргізушісі кінәлі. Ол оқиғадан соң бірден ізін суытқан.