Мексикада қала мэрін атып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикада қаруланған қылмыскерлер Танхуато қаласының мэрі Густаво Гарибайды атып кетті.
None
None

Мичоакан штатының билігі сенбі күні қылмыстың қалай болғанын хабарлады. Ресми мәліметтер бойынша, мэрге ол үйінен шығып бара жатқан кезде қастандық жасалған. Қылмыс орын алған жерден екі түрлі калибрлі гильза табылды. Құқық қорғау органдары болған жағдайға байланысты тергеуге кірісті.

2012 жылдың қазанында Гарибайға қастандық жасалған болатын. Сол оқиғадан кейін мемлекет басшысы Фелипе Кальдерон оған оққағар бөлуді тапсырған еді.

Мичоакан штаты Мексикадағы ең қылмысты аймақтарының бірі, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Соңғы жаңалықтар