Мексикада қаруды ноутбукке алмастыруда
АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Мексика билігі қылмыспен күресудің жаңа әдiсін ойлап тапты. Онда полицияға өз еркіңмен қаруыңды тапсырып, ноутбук алуға болады, деп жазады bnews.kz порталы.
ВЕСТИ.ru хабарлағандай, мұндай идеяны соңғы жылдары қылмыс деңгейi бірнеше есе өсіп кеткен Чьяпас қаласының әкiмшiлiгi ұсынды. Нәтижесінде, тек бір апта ішінде 600 адам тапаншасын компьютерге ауыстырып алды.