Мексикада қарулы топ қымбат мейрамхана меймандарын ұрлап кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексиканың Пуэрто-Вальярта қаласында бір топ қарулы адам қымбат мейрамхананың меймандарын ұрлап кетті, деп хабарлады ВВС агенттігі.
Оқиға қаланың туристік ауданында күндізгі 1 шамасында болған.
Куәгерлердің айтуынша, қаруланған ер адамдар екі жол талғамайтын көлікпен келіп, мейрамханадағы адамдарға көлікке отыруды бұйырған.
Содан кейін барлығын алып кеткен. Пиғылдарын жүзеге асыру кезінде олар бірде бір оқ атпаған. Халиско штаты полициясы оқиғаға қатысты тергеу амалдарын бастады. Ұрланған адам саны нақты емес, кейбір дереккөздері 16 адам екенін айтады.
Қазір полиция қылмыскерлерден қашып үлгерген 4 әйелді іздеуге кіріскен.