Мексикада кокаин тиелген ұшақ апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексиканың батыс бөлігінде бортында кокаин тиелген жеңіл моторлы ұшақ құлады. Апатқа ұшыраған әуе кемесінде болған екі адам қаза тапты.

Мексикада кокаин тиелген ұшақ апатқа ұшырады

SDP Noticias-тің хабарлауынша, ұшақ Тынық мұхиты жағалауы маңындағы Мичоакан штатында құлаған. Оның ішінен кокаин салынған төрт қап табылды.