Мексикада «Колима» жанартауы оянды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексиканың Халиско штатындағы «Колима» жанартауынан атқылаған күл тұрғындарға қауіп төндіріп тұр, деп жазады 24.kz.

Мексикада «Колима» жанартауы оянды

Құтқарушылар маңайдағы елді мекендерден 300-ден аса адамды қауіпсіз жерге көшірді. Табиғат апатынан аймақтағы әуежайда бірнеше рейс кейінге шегерілді. Мамандар тұрғындарға жанартаудан кемі 12 шақырым қашықтықта орналасу керек деп кеңес береді.

Айта кетейік, «Колима» жанартауы - Мексикадағы ең белсенді жанартау. Ол осы бейсенбі күні көкке от пен күл атқылай бастаған. Әзірге зардап шеккендер жайлы ақпарат түскен жоқ.