Мексикада көне қорымдар, адамдардың қаңқасы мен 1 мыңнан астам жәдігер табылды

Мексиканың орталығындағы Сан-Андрес-Чолула қаласында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында 11 құпия жерлеу, 14 адамның қаңқасы және 1000-нан астам көне жәдігер табылды.

қорым
Фото: inform.kz

Бұл туралы Мексиканың Ұлттық антропология және тарих институтының (INAH) мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Anadolu ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

 

Хабарламаға сәйкес, табылған заттар кейінгі постклассикалық кезеңге жатады.

Табылған адам сүйектері мен керамикалық бұйымдар көмілгеннен бері оларға ешкімнің қолы тимеген.

Археолог Серхио Суарестің айтуынша, табылған жәдігерлер – баға жетпес және тарихи қазына.

Археологтар сүйектері табылған адамдардың кезінде қандай өмір сүргенін анықтау үшін талдаулар жүргізді. Бұл туралы физикалық антропология маманы Мартин Эрнандес хабарлады.