Мексикада құпия көмілген 500 адамның мүрдесі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексиканың құқық қорғаушы органдары Коауила штатының маңында көмілген 500 адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды штаттың жоғалған адамдарды іздеу бойынша прокурордың орынбасары Хуан Яньес Арреола.

Мексикада құпия көмілген 500 адамның мүрдесі табылды

Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, мүрделердің көбісі бүтін табылған, ал кейбіреулерін қылмыскерлер өртеп жіберген. Қазір әрқайсысының жеке бас мәліметтері анықталуда.