13:04, 16 Ақпан 2013 | GMT +5
Мексикада құс тұмауының салдарынан жарты миллионға жуық тауықтың көзі жойылады
АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат - Мексика билігі құс тұмауының жаңа індеті туралы мәлімдеді.

Би-Би-Си хабарлағандай, Гуанахуато орталық штатында 500 мыңға жуық тауықтың көзі жойылмақ. Мамандар індеттің көрші штаттарға тарап кетуін тексеруде. Денсаулық сақтау ведомстволарының шенеуніктері бұл жолы үй құсы H5N1-ді емес, H7N3 вирусын жұқтырғандығын мәлімдеуде.
Өткен жылы құс тұмауының өршуі Гуанахуато штатымен көршілес жатқан Халискода тіркелген болатын. Ол кезде 22 млн. тауық жойылды.