Мексикада күші 5,1 балдық жер сілкінісі тіркелді
АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Мексиканың батысындағы Халиско штатының аумағында қуаты 5,1 балдық жер сілкінісі болды.
Бұл туралы Росбалт хабарлады.
Ұлттық сейсмологиялық қызметтің мәліметіне қарағанда, зілзала ошағы Аутлан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 70 шақырым жерде, 10 шақырым тереңдікте орналасқан.
Жергілікті билік өкілдері хабарлағандай, жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер мен құлаған ғимараттар жайында мәліметтер жоқ.