08:05, 05 Сәуір 2010 | GMT +5
Мексикада күші 7,2 балдық жер сілкінісі болды
АСТАНА. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат - Нақтыланған мәліметтер бойынша, сенбі күні Мексикада тіркелген зілзаланың күші Рихтер бағамы бойынша 7,2 балға жетті.
Бұған дейінгі ақпараттарда, жерасты дүмпуінің күші 6,9 балды шамалады, делінген болатын, деп хабарлайды Associated Press.
Жаңа мәліметтер бойынша, зілзаланың ошағы, бұған дейін хабарланғандай 32 шақырым тереңдікте емес, 10 шақырым тереңдікте болған.
Жер сілкінісі сенбі, сәуірдің 4-і күні Төменгі Калифорния штатындағы Гуадалупе Виктория қаласынан 26 шақырымдай жерде орын алды.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы әзірге ақпарат жоқ.