Мексикада мұнайгаз компаниясының құбыр желісінде жарылыс болды

МЕХИКО. ҚазАқпарат – Мексиканың Pemex мұнайгаз компаниясына қарасты құбыр желісінде дүйсенбі күні болған жарылыс салдарынан кем дегенде бес адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мексикада мұнайгаз компаниясының құбыр желісінде жарылыс болды

Келеңсіз оқиға елдің оңтүстік шығысындағы Веракрус штатының Поса-Рика қаласындағы аудандардың бірінде болған.

«Ла-Барита ауданы аумағында, Pemex құбыр желісінде болған жарылыс жайлы мәліметтер түсіп жатыр», - делінген өңірлік азаматтық қорғаныс басқармасының Twitter -де жариялаған хабарламасында. – Алдын ала түскен ақпарат бойынша, бес адам жарақаттанған, олар ауруханаға жеткізілген.

Келеңсіз жағдайға не себеп болғаны белгісіз.

Pemex өкілдері апат салдарын жою жұмыстарымен шұғылданып жатыр.