11:56, 27 Наурыз 2015 | GMT +5
Мексикада мыңдаған адамның қатысуымен наразылық шеруі өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мыңдаған адам Мехикода жарты жыл бұрын Герреро штатында жоғалған 43 студентті еске алуға арналған наразылық шарасына қатысты.

Акцияға қатысушылар тергеудің студенттерді жемқор полицейлер ұрлап, қылмыскерлердің қолына берді деген болжамдарын жоққа шығарды.
Игуала қаласында студенттер өткен жылдың қыркүйек айының соңында білім реформасына наразылық білдірген соң жоғалған. Биліктің пайымынша, студенттер өлтіріліп, олардың мәйіттерін күйдіріп, Сан-Хуан өзеніне тастаған.