Мексикада мыңдаған педагог наразылық шарасына қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикада білім беру саласының мыңдаған қызметкері ұйымдастырған наразылық шарасы өтті, деп хабарлады РИА Новости жергілікті Azteca Noticias телеарнасына сілтеме жасап.

Мексикада мыңдаған педагог наразылық шарасына қатысты

Білім беру саласы қызметкерлерінің ұлттық кәсіби одақтары ұйымдастырған наразылық шарасы Табаско, Чьяпас, Герреро, Мичоакан және Оахака сынды штаттарда, сонымен қатар ел астанасы Мехикода өтті. Телеарна ақпаратынша, шеру кезінде оған қатысушылар бірқатар негізгі жолдарды жапқан.

Шеруге шыққандар биліктің білім саласындағы саясатымен келіспей отыр. Соның ішінде 2013 жылы ел президенті Энрике Пенья Ньето үкіметі ұсынған білім беру реформасына қарсы шыққан.