Мексикада наразылық шаралары ушығып барады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексиканың оңтүстігінде жаппай наразылылық шаралары өтіп жатыр. Ереуілдер бірнеше қаланы шарпыған. Әсіресе, Игуала мен Акапулько қалаларындағы шерулердің ауқымы үлкен, деп хабарлайды 24.kz.

Мексикада наразылық шаралары ушығып барады

Көшеге шыққан жұрт биліктен өткен айда бейбіт шеруден кейін із-түзсіз жоғалып кеткен 43 студентті тез арада тауып, шара қолдануды талап етіп тұр. Уақыт өткен сайын наразы халықтың ашу-ызасы күшейіп, тәртіпсіздік үдеп барады.

Ереуілдерді ұйымдастырушылар шенеуніктерге егер жақын арада жастарға қатысты мәселе оң шешім таппаса, онда мемлекеттік мекемелерді шаға бастайтынын ескертіп жатыр.