20:10, 08 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Мексикада нөсер жаңбыр құйып кетті
МӘСКЕУ. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат - Жүздеген мексикандықтар үйлерінен шыға алмай қалды; елде нөсер жаңбыр құйып кетті,
деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.
Ел астанасының маңындағы қалаларда өзендер тасып жатыр. Қозғалыс тоқталды. Көптеген автомашиналардвы ағыс алып кетті. Бірнеше метро стансысын су басып қалды, астаналық әуежайда ондаған рейстер кейінге қалдырылды. Құтқарушылар адамдарды қайықпен тасымалдауда, бірнеше адамның құрбан болғаны туралы ақпараттар бар.