Мексикада ойынханаға жасалған шабуылдан 28 адам көз жұмды

АСТАНА. 26 тамыз. ҚазАқпарат -Мексикада ойынханаға жасалған шабуылдан кем дегенде 28 адам көз жұмды, 10-ға жуық адам жараланды, деп хабарлайды РосБизнесКонсалтинг.

Мексикада ойынханаға жасалған шабуылдан 28 адам көз жұмды

Билік өкілдері хабарлағандай, алдын ала болжам бойынша шабуылға 20-ға жуық қаруланған адам қатысқан.

Оқиға Мексиканың солтүстігіндегі Монтеррей қаласында болған, деп хабарлайды Associated Press.

Тергеу жүріп жатыр.