Мексикада «Патрисия» дауылы үш мыңнан астам үйді қиратып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикада «Патрисия» дауылы сенбіге қараған түні Тынық мұхиты жағалауындағы елді мекендердегі 3,5 мың үйді зақымдады. Бұл туралы аталған елдің президенті Энрике Пенья Ньето мәлімдеді, деп хабарлады Лента.ру.
None
None

«Ішінара және толықтай қираған үйлер саны есептелді, олар шамамен - 3-3,5 мың», - делінген мемлекет басшысының баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Мексика билігі «Патрисия» дауылын ғаламшар тарихындағы ең қуатты құйын деп атады. Құрлыққа шыққан сәтте оның күші ең қиратушы белгі бесінші санатқа жетті. Дауыл жылдамдығы сағатына 325 шақырымды құрады, екпіні 400 шақырымға дейін жетті. Алайда, артынша зілзала тропкиалық тоқырау деңгейіне дейін баяулады, сондықтан адам шығыны болған жоқ. Фото:Cesar Rodriguez / AP

Соңғы жаңалықтар