12:42, 21 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Мексикада питомниктен 400 қолтырауын қашып кетті
АСТАНА. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат - Мексиканың шығысындағы Веракрус штатында төтенше оқиға орын алды.

Питомниктен 400 қолтырауын қашып кетті, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Нөсер жауынның салдарынан арнасынан тасыған өзен питомниктің қоршауларын шайып кетіп, қолтырауындарды ағызып әкеткен. Мамандардың пайымдауынша, қолтырауындардың біразы Мексика шығанағынан бір-ақ шығуы ықтимал.
Жергілікті өкімет халықты қолтырауындарды өлтірмеуге және өз қолдарымен ұстауға тырыспай, мамандарды шақыруға үндеді.