Мексикада полиция мен есірткі мафиясы арасында қақтығыс орын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ шекарасына жақын орналасқан Мексиканың Тамаулипас штатындағы Рейнос қаласында полиция мен жергілікті наркокартель содырлары арасында қақтығыс орын алды.

Мексикада полиция мен есірткі мафиясы арасында қақтығыс орын алды

Бұл туралы Би-би-си жазады.

Жергілікті БАҚ хабарлағандай, қақтығысқа картель жетекшілерінің бірін тұтқындау себеп болуы мүмкін.

Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде көшеде атыс болып, содырлар көптеген автомобиль мен автобустарды өртеп жібергені туралы жазуда.

Билік тұрғындарды мүмкіндігінше үйлерінен сыртқа шықпауға шақырды.