Мексикада пойыз бен автобус соғысып, 16 жолаушы қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексиканың солтүстігінде жүк пойызы мен автобус соғысып, 16 жолаушы қаза тапты және 30-ы жарақаттанды, деп жазады Би-би-си.

Мексикада пойыз бен автобус соғысып, 16 жолаушы қаза тапты

Нуэво-Леон штаты билігінің мәліметінше, автобус жүргізушісі теміржолдан өтетін жердегі қызыл шырақты байқамай қалған.

Қаза тапқандардың саны артуы мүмкін. Себебі, жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, 40 адамға арналған автобустың ішінде 60-тай жолаушы болған.