Мексикада пойыз бен автобустың соқтығысуынан төрт адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат -Мексиканың Синалоа штатында жүк пойызы мен автобус соқтығысып, төрт адам қаза тапты, 23 адам жарақаттанды.

Мексикада пойыз бен автобустың соқтығысуынан төрт адам қаза тапты

Қайғылы оқиға Масатлан қаласында орын алған. Автобус жүргізушісі жақындап қалған пойыз алдынан өтуге әрекеттенгенімен тораптан өтіп үлгермеді, деп хабарлады РИА Новости.

«Автобуста жеке компаниялардың бірінің қызметкерлері болған. Жапа шеккендер ауруханаларға жеткізілді, оқиға орнына Синалоа губернаторы Марио Лопес Вальдес барды», делінген ақпаратта. Фото: © Flickr/ Tobias©