Мексикада шахта опырылып, кеншілер жоғалып кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Мексиканың солтүстігінде көмір шахтасы опырылып түсіп, ішінде қалған 10 кеншіні іздеу-құтқару операциясы үшінші күннен бері жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Сәрсенбі күні жерасты тоннельдер опырылып, ішін жарым-жартылай су басқан. Суды сору, шахта үйінділерін ашу жұмыстарына 400-ге жуық адам жұмылдырылды.
Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор із-түзсіз жоғалғандардың барлығы құтқарылмайынша операция тоқтамайтынына уәде берді.

Фото: euronews.com




Соңғы жаңалықтар