Мексикада су тасқынынан 800-дей үй зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексиканың солтүстік-батысында «Норберт» дауылы нөсер жаңбырға ұласып, су тасқыны болды. Одан кем дегенде 800 үй су астында қалды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Мексикада су тасқынынан 800-дей үй зардап шекті

Aзаматтық қорғаныс қызметінің хабарлауынша, осыған байланысты қауіпті аймақтардан 2000-ға жуық адам көшірілді.

Дауылдан ең қатты зардап шеккен - Тынық мұхиты жағалауында орналасқан Сан-Карлос елді-мекені. Онда біраз жерді су алған. Дәл қазіргі уақытта «Норберт» Мексиканың Кабо-Сан-Ласаро қаласынан 260 шақырым қашықтықта. Желдің жылдамдығы сағатына 165 шақырым, кей жерлерде 205 шақырымға дейін жетеді.