Мексикада танымал есірткі бароны ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексика полициясы АҚШ-тың танымал есірткі бароны Трис Мартинез Санчестің қолға түскені туралы хабарлады. Бұған дейін Америка билігі оған қатысты қандай да бір ақпарат беріп, қолға түсіруге көмектескен азаматқа қомақты сыйақы төленетінін айтқан болатын.

Мексикада танымал есірткі бароны ұсталды

Санчестің АҚШ пен Еуроодақ аумағындағы елдерге жеткізген есірткі затының салмағы 76 тоннаны құрады. Мексиканың сыртқы істер министрлігі қылмыскерді қолға түсіру кезінде ешкімге оқ атылмағанын және ешбір қиындықтың болмағанын айтты. Қазір ел полициясы Санчестің жақтастарын құрықтау мақсатында жұмыс істеп жатыр, деп жазады utro.ru.