Мексикада тікелей эфир кезінде радио жүргізушісін атып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Максикада тікелей эфир кезінде радио хабар жүргізуші Атилано Роман Тирадоны атып өлтірді. Ол күнделікті эфирге шығатын бағдарламаның жүргізушісі болған. Сонымен қатар, құрылысы жүріп жатқан платинаға байланысты қоныс аударуға мәжбүр болып, өтемақы талап етіп жүрген 800 фермерге басшылық жасаған, деп хабарлады Associated Press агенттігі.
Сенбі күнгі Тирадо хабар жүргізіп отырған уақытта эфирден атылған қарудың дауысы, тағы бір қызметкердің «Ол оны өлтірді, өлтірді!» деген сөздері естілген. Осыдан кейін «Fiesta Mexicana» радиосы жарты сағаттай эфирге шықпаған.
Болған оқиғаны Мексиканың Синалоа штатының полициясы растады. Құқық қорғаушылардың хабарлауынша, тікелей эфир кезінде радиоға екі ер адам кіріп, оның бірі тапаншамен Тирадоның басынан және кеудесінен атқан.
Соңғы жылдары жергілікті фермерлер бірнеше рет блокада ұйымдастырып, шеруге шықты. Оларды дені тұтқындалды.