Мексикада төрт журналист із-түзсіз жоғалып кетті

АСТАНА. Шілденің 28-і. ҚазАқпарат - Мексикада шілденің 26-сында Лагуна өңірінде із-түзсіз жоғалып кеткен төрт журналисті іздеу шаралары басталды. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық комиссия ел үкіметінен көмек сұрап, өтініш жасады.

Мексикада   төрт  журналист із-түзсіз  жоғалып  кетті

Комиссия өз хатында «өз жұмыстарын атқару барысында журналистердің жиі шабуылға ұшырай бастағанын, себебі оларға жасалған шабуылдар жеткілікті тексерілмей отырғанын», - баса атап көрсетті, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Жоғалғандардың ішінде - екі оператор, Multimedios television тележелісінің тілшісі және El Vespertino газетінің репортері бар. Олардың барлығы жолда көлік тоқтатып тұрған кезде шабуылға ұшыраған. Бұл - есірткі картельдері жиі жасайтын әрекет.

Жылдың басынан бері Мексикада жеті журналист өлтірілді. Көптеген БАҚ қызметкерлері есірткі картельдерінің тарапынан қоқан-лоқы естіп жатады.