Мексикада туристер мінген автобус апатқа ұшырап, 11 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикадағы Кинтана-Роо штатында туристер мінген автобус жол-көлік оқиғасына ұшырады.  Апат салдарынан 11 адам қаза тауып, 20-сы жарақаттанды.

Мексикада туристер мінген автобус апатқа ұшырап, 11 адам қаза тапты

 Бұл туралы өңір билігі Facebook-тегі парақшасына жазды, деп хабарлайды ТАСС .

Чаккобен археологиялық аймағына бет алған автобуста 31 адам болған. Қаза тапқандар арасында Канада, Италия және Мексика азаматтары бар.

Апаттың себеп-салдарын анықтау жұмыстары жүріп жатыр.