Мексикада туризм министрі атып өлтірілді

АС ТАНА. 10 наурыз. ҚазАқпарат - Мексиканың Халиско штатының туризм министрі Хосе де Хесус Гальегос Гвадалахардың маңындағы Сапопан қаласында автомбильде атып өлтірілді.
None
None

Бұл туралы Би-Би-Си хабарлады.

Жергілікті өкімет орындарының хабарлауынша, шабуыл өткен аптада қызметіне кіріскен Х.Гальегостың кәсіби қызметімен байланысты емес.

Х.Гальегос қала көшелерінің бірінде машинамен келе жатқанда оған оқ жаудырған. Атқан адамдар оқиға орнынан із жасырды. Қуатталмаған мәліметтер бойынша, полиция шабуылға күдікті төрт адамды ұстаған.

Еске сала кетейік, өлтірілген туризм министрі штат әкімшілігінің жаңа құрамына енген болатын.

Соңғы жаңалықтар