05:25, 08 Шілде 2017 | GMT +5
Мексикада түрмесіндегі тәртіпсіздік кезінде 30-дай адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикада түрмедегі тәртіпсіздіктер кезінде 28 сотталушы қаза тауып, тағы үшеуі жараланды. Оқиға елдің оңтүстік-батысындағы Акапулько қаласында болған, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Мұнда абақтының аса қауіпті қылмыскерлер отыратын бөлігінде екі жанжалдасушы топ төбелесіп қалады. Ізінше бір-бірін аяусыз қырып салды. Күштік құрылым өкілдері жағдайды өз бақылауына алғандарын хабарлайды. Ал қайғылы оқиға жайлы естіген сотталушылардың туыстары шу шығарып, мекеме аумағына өтпек болған. Алайда бұл әрекеттен түк шықпады. Негізі кезінде осы Акапулько Мексикадағы туристер арасында ең танымал қалалардың бірі саналатын. Алайда қылмыс саны күрт артып кеткендіктен, бүгінде елдегі ең қауіпті орындардың біріне айналған.