Мексикада ұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Мексикада Мехико және Керетаро қалаларының арасындағы федералдық күре жолына шағын ұшақ құлап, бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Керетаро штатының федералдық полициясына сілтеме жасаған «РИА Новости».
None
None

Жергілікті биліктің мәліметінде ұшақ Керетароның маңындағы тас жолға құлағаны айтылған.Ұшақта ұшқыш, оның көмекшісі және үш жолаушысы қаза болды. Керетаро әуежайынан ұшып шыққан ұшақ Гуанахуато штатына бағыт алыпты. Болжам бойынша, ұшаө күре жолға шұғыл қонбақ болып, ұшқыш тізгінге ие бола алмай қалған.

Оқиға орнында құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің бригадасы жұмылдырылған. Мексиканың федералдық жолдары мен көпірлер қызметі апат орын алған күре жолдағы қозғалыс тоқтатылығаны туралы хабарлады.

Соңғы жаңалықтар