Мексикада жаңа тағайындалған қала басшысын атып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикада Темиско қаласының жаңа мэрін қызметіне кіріскеннен кейін 1 күннен соң атып кетті, деп хабарлады russian.rt.com

Мексикада жаңа тағайындалған қала басшысын атып кетті

Темиско қаласының мэрі Гисела Мота қызметіне кіріскен күннің ертеңінде белгісіз біреулердің қолынан өз пәтерінде қаза тапты. Оның пәтеріне қаруланған 4 ер адам кіріп, саясаткерді атып кеткен.

БАҚ өкілдері оқиғаға қатысты жергілікті қылмыстық топтың жаңа басшының келуіне қарсылығы болуы мүмкін деген нұсқа ұсынады. Қылмыстық істің мән жайы анықталуда.