Мексикада жаппай кісі өлтіруге қатысты деген күдікпен 150 адам ұсталды
АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Жұма күніне қараған түні Мексиканың солтүстігінде орналасқан Монтеррей қаласының барында полиция қызметкерлері жаппай кісі өлтіруге қатысы бар деген күдікпен 150-ге жуық адамды ұстады, деп хабарлайды РосБизнесКонсалтинг.
Монтеррей орталығында бейсенбі, 26 қаңтар күні нақтыланған мәліметтер бойынша 9 адам қаталдықпен өлтірілді. Ең дұрысы, олар есірткі мафиясы соғысының құрбандары болды. Тергеу мәліметтері бойынша, қала ортасында өлтірілген сегіз ер адам мен бір әйел бұған дейін дәл осы барда болған.