Мексикада жасырын жерленген жерден 30-дан астам адамның денесі табылды

АСТАНА. KAZINFORM – Мексиканың оңтүстігіндегі Чьапас қаласында барлығы 30-дан астам адамның денесі бар 25 құпия қабір анықталды, деп хабарлайды report.az.

Мексикада жасырын жерленген жерден 30-дан астам адамның денесі табылды
Фото: report.az

Бұл туралы штаттың бас прокуроры Хорхе Луис Льявен Абарка мәлімдеді.

- Бүгінде біз барлығы 25 құпия қабірді анықтадық, 31 мәйіт табылды, оның 29-ы ер адам және екеуі әйел», - деді ол Чьяпас бас прокуратурасының сайтында жарияланған мәлімдемеде.

- Біз із-түзсіз жоғалып кеткендердің барлығының денесін табу үшін барлық қажетті шараyы қабылдауды жалғастырамыз, - деп қосты Льявен Абарка.

Мексика-Гватемала шекарасында орналасқан Чьяпас штаты қылмыс туралы жаңалықтарымен белгілі. Оның аумағын Латын Америкасы елдерінен келген заңсыз мигранттар пайдаланады, олар кейіннен АҚШ-қа жету үшін Мексиканы кесіп өтуге тырысады.

Сонымен қатар мұнда есірткі картельдері белсенді жұмыс істеп отыр.

Мексика түрмесіндегі қарулы наразылық кезінде жеті адам көз жұмғанын жазған болатынбыз.

қолшатыр, зонтик, жаңбыр, жауын
Ұқсас жаңалықтар

3 мамырға арналған ауа райы: жаңбыр, бұршақ және қатты жел күтіледі