Мексикада жеңіл ұшақ апатқа ұшырап, бес адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикада Чичуауа штатында жеңіл моторлы ұшақ құлап, 5 адам ажал құшты.
Cessna-206 ұшағы жергілікті уақыт бойынша 15:00 шамасында Фриско әуежайынан ұшқан. Көп ұзамай әуе кемесі балалар бағына жақын жерге құлаған.