Мексикадағы әуе апаты: тікұшақ әуеде өртеніп, жерге құлады

АСТАНА. Қазанның 16-сы. ҚазАқпарат - Мексикада Pemex Мексиканың ұлттық мұнай компаниясының Bell 142 тікұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды РБК.

Мексикадағы әуе апаты: тікұшақ әуеде өртеніп, жерге құлады

Әуе апаты елдің оңтүстік-шығысындағы Велакрус штатында орын алды. Төтенше оқиға куәгерлерінің айтуынша, тікұшақ әуеде жанып, жерге құлады.

Апат салдарынан тікұшақтың ішіндегі 8 жолаушы да қаза тапты. Қаза тапқандардың арасында 2 пилот пен 6 мұнайшы бар. Тікұшақ Pemex қызметкерлерін Сьюдад-дель-Кармен (Кампече штаты) қаласынан Минатитлан (Велакрус штаты) әуежайына әкеле жатты.

Жергілікті билік өкілдері апат себептерін анықтау үстінде.