Мексикадағы қарулы қақтығыс салдарынан 14 адам қаза болды

АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Мексиканың батысындағы Мичоакан штатында тәртіп сақшылары мен қаруланған тәртіп бұзушылар арасында екі мәрте болған қақтығыстың нәтижесінде 14 адам қаза болды.

Мексикадағы қарулы қақтығыс салдарынан 14 адам қаза болды

«24.kz » арнасының хабарлауынша, Апацинган қаласында белгісіз біреулер шеруге шыққандарға оқ жаудырып, осының салдарынан 8 адам мерт болып, тағы бірнеше адам жарақат алды. Шабуылдаушылардың бірі оқиға орында мерт болғаны анық. Аталған оқиғаға дейін бірнеше сағат бұрын тәртіп сақшылар 5 күдікті қылмыскерді мерт қылған. Жалпы Мичоакан штатында есірткі тасымалдаушылардың бірнеше тобы бар. Жергілікті билік әзірге шабуылшылардың қандай да бір топқа тиесілі екені жайлы мәлімет берген жоқ. Билік өкілдері есірткімен күрестің қарқынды жүріп жатқанын алға тартқанымен, тұрғындардың айтуы бойынша айтарлықтай ешқандай нәтиже жоқ.