12:35, 30 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Мексикадағы лай көшкінінен 16 адам қаза тапқан
АСТАНА. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат - Оңтүстік Мексика аумағының Чьяпас штатында орын алған күшті лай көшкінен қаза тапқандар саны 16 адамға жетіп отыр, - деп жазады Вести. Ру.
Азаматтық қорғаныстың Ұлттық жүйесінің үйлестірушісі Лаура Гурстың айтуынша, осы уақытқа дейін оқиға орнынан он төрт адамның мүрдесі қазып алынды. Кеше құтқарушылар тағы да екі адамның мүрдесін тапқанымен, әлі оны қазып шығара алмаған. Жақында болған лай көшкіні салдарынан түгел бір ауыл бүлінген болатын. Аматан муниципиясында он үш тұрғын жарақаттанған.
Чьяпас штатының оңтүстігінен тас пен балшық аралас көшкін таудың етегіндегі бір ауылды түгел басып қалды. Мексиканың оңтүстігіндегі қайғылы оқиғаның себебін Лаура Гурс үздіксіз жауған нөсер жауыннан болды деп отыр, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.